Облыстық білім басқармасының басшысы А. Есжанов Сырдария ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар білім беру ұйымдарын аралады.

Сырдария аграрлы-техникалық колледжі 8 мамандық, 12 біліктілік бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлайды. Қазіргі таңда колледжде 142 студент мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алуда. Басқарма басшысы өндірістік шеберханалар, токарлық цех және пән кабинеттерін аралап, оқу орынның жағдайымен танысты.

Асқарбек Темірбекұлы мұнан соң О.Әбілпаттаев атындағы №210 орта мектебінде болды. Білім ордасындағы кітапхана, спорт зал, акт зал және пән кабинеттерін көріп, балалармен тілдесті.
Ал №137 орта мектеп өткен жылы цифрландыру бағытындағы жаңа модефикациялы «STEM» биология кабинетімен жабдықталған болатын. Бүгінгі күні оқушылар жоғары сапалы визуалды-интерактивті құрылғылармен сабақ өтуде.

Басқарма басшысы мектептерді аралау барысында оқу-тәрбие сапасын арттыруды, кітапханада оқырмандар санын көбейтуді және нәтижеге жұмыс жасауды тапсырды.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеретін 300 орындық мектептің құрылыс алаңымен танысты. Заманауи білім ордасының құрылысы келер жылы басталатын болады.

Басқарма басшысының жұм­ыс сапары мұнан соң Шиелі ауданында жалғ­асты. Аудан орталығы­ндағы бірнеше мектеп­ті көріп, ұстаздардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Аралау барысында Асқ­арбек Темірбекұлы Ши­елі аудандық “Сыр ұл­аны” лагерінің жұмыс­ымен және жаңадан са­лынып жатқан Жаңатұр­мыс ауылындағы №207 орта мектебінің құры­лысымен танысты. Біл­ім ордасы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарла­нуда.

Ал №48 мектеп-лицейі мен №252 мектеп-гим­назиясы орын тапшылы­ғына байланысты қосы­мша құрылыс қажет ет­іп тұр. Бүгінгі күні аудандық білім бөлі­мі тарапынан жоба сметалық құжатт­ары әзірленіп, сарап­тамадан өткізілді.

Асқарбек Темірбекұлы сондай-ақ кент орта­лығынан салынатын 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өн­ер мектебінің құрылыс алаңына барды. Тиі­сті тапсырмаларды жү­ктеп, жүйелі жұмыс жасауға шақырды.

БӨЛІСУ