Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен медициналық әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру жүйесіне байланысты мәжіліс өтті.

Басқосуда аудан бойынша медициналық әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған тұлғалар санының төмендемеуі сөз болды. Бұл жөнінде аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Раушан Қалуова хабарлама жасап, аудан тұрғындарын сақтандыру жүйесіне тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Мәжілісте Дәурен Оңғарбайұлы сақтандыру жүйесіндегі төлемдер мен жарналардың уақытылы төленбеу салдарынан сақтандырылмаған азаматтар саны төмендемей отырғанын айтып, бұл өз кезегінде медицина мекемелерінде қызмет сапасының төмендеуіне алып келетінін жеткізді.

Сонымен қатар тиісті бөлімдер мен мекеме-кәсіпорындарға және ауыл әкімдеріне аудан бойынша міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғандар тұрғындардың нақты тізімін жасап, тұрғындарды сақтандыру жүйесіне тарту бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма берді.

БӨЛІСУ