Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Тілептің төрағалығымен құқықтық оқу өтті.

Оқыту барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы және оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіріліп, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Басқосуда Ринад Ібайдуллаұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша жұмыстарды күшейту мен қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарының маңыздылығын тоқталып, аталған Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізудің 2023 жылға арналған кестесі сәйкес жиынға Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері қатысты.

БӨЛІСУ