Аймақ басшының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің, қала әкімі Асылбек Шәменовтің құқық қорғау органдарының, жауапты салалардың басшыларымен бірге қала іргесіндегі саяжай тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Бүгінгі кездесулер «Ягодка» және «Пищевик» саяжайларында өтті.

Аумағы 92 гектар «Ягодка» мен «Пищевикте» 1200-ге жуық халық тұрады. Тұрғындарды қаламен байланыстыратын қоғамдық көліктер күнделікті қатынауда. Бұған дейін қос саяжайдың 7 көшесіне қиыршық тас төселіп, жаңа электр желілері тартылған.

Кездесу барысында тұрғындар тағы бірнеше көшені жөндеуден өткізуді, ауыз су желісін тартуды, сондай-ақ, «көгілдір отынға» қосылу мүмкіндіктерін қарастыруды сұрады.

Көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті шаралар қолға алынады.

БӨЛІСУ