Облыстық қоғамдық даму басқармасы аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы, мемлекеттік тілдің қолданылуы, жастар саясаты, мемлекеттік ақпараттық саясатпен қатар, ҮЕҰ арқылы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру саласындағы қызметтерді жүзеге асырады. Жыл басынан бері басқармаға қарасты салаларда ауқымды жобалар қолға алынып, оң көрсеткіштер қалыптасты. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов 10 айда атқарылған жұмыстар туралы БАҚ өкілдеріне баяндады.

-Аймақта қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын сақтау және ахуалға кері әсер ететін мәселелердің алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы жылдың есепті мерзімінде облыста қоғамдық саяси ахуал тұрақтылығы сақталды. Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 148 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істеуде. Оның ішінде, 120 баспа БАҚ, 26 интернет-сайттар мен ақпараттық агенттіктер, 2 телеарна бар. Бүгінде басқарма билік пен халық арасындағы тығыз диалог орнату бойынша тиісті деңгейдегі жұмыстар қолға алынған, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Ақпарат таратуда облыс көлемінде біршама іс-шара атқарылды. Мәселен, облыс бойынша 130 215 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл бастағы меженің 92%-ын құрайды. Аймақ басшысының қатысуымен де түрлі интернет-конференциялар өткізілді. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, жастарды жұмыссыздар қатарында болмауына бағытталған жұмыстар да ұйымдастырылуда.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға мемлекеті тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Тіл орталығы арқылы қызылордалықтарға мемлекеттік тілмен қатар, орыс және ағылшын тілдерінің курстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1654 адам тілдік курстарға тіркелген. Басым бөлігі мемлекеттік тілдегі деңгейін жетілдірген. Сондай-ақ, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 140 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшлері тестілеуден өткен.
– Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,7% құрады, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

«Сыр жастары» аймақ жастарына деп жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 1 200,0 млн теңге, «Отбасы банк» АҚ тарапынан 500 млн.теңге қаржы бөлінген.
– «Сыр жастары» бағдарламасына құжат қабылдау 12-26 қазан аралығында ұйымдастырылып, конкурсқа 789 жастан өтінім түсті. 2023 жылдың соңына дейін бағдарлама аясында 100 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда» ,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

БӨЛІСУ