Бүгін алғаш рет пилоттық негізде Қызылорда өңірінің Сырдария және Шиелі ауданы әкімдерінің сайлауы өтуде.

Аудан және қала әкімдерін тікелей сайлау Президенттің бастамасымен қолға алынып, жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы нақты қадамдарының бірі болып табылады.
Аудан әкімдерінің пилоттық сайлауында Сырдария және Шиелі ауданында тұратын дауыс беруші мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Екі аудандағы барлық 58 учаскеде дауыс беру кабиналары жабдықталып, арнайы құрал-жабдықтармен қамтылды.
Екі аудан бойынша сайлауға қатысатын 439 мүгедектігі бар азамат бар. Көру қабілеті төмен сайлаушылар үшін дауыс беру бюллетеньдерін толтыру ережесі көрсетілген аудиоматериалдар мен трафареттер қойылған.
Ал, қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін бірнеше инватакси қызмет етеді.
Еске сала кетейік, екі ауданда 58 сайлау учаскесі құрылған. Мұнда барлығы 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

БӨЛІСУ