Аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлының ауылдарға сапары Қаракеткен, М.Шәменов, Бұқарбай батыр, Таң ауылдық округтерінде жалғасып, ауыл тұрғындары тарапынан, аяқ су, көгілдір отын және электр желілерін жаңарту мәселелері қозғалды.

Аталған ауылдық округтерде бүгінгі күнге дейінгі есепті кездесулерде көтерілген сауалдар шешімін тапқан.

Мәселен Қаракеткен елді мекенінде тұрғын үйлер секторының электр желілері бойынша “Универсал Строй Сервис” ЖШС-і құрылыс – монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындарды аяқ сумен қамту мақсатында 1 техникалық су ұңғымасын бұрғылау аяқталып, насос орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоба бүгінгі күнге 50 пайызға орындалып тұр. Далдабай елді мекенінің балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеуге аудандық бюджеттен 5,0 млн. теңге бөлініп, «Сертификаттау-сынақ орталығы» ЖШС-і жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Аудан әкімі Асқарбек Есжанов Қаракеткен елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын жарықтандыруға және 150 орындық ауылдық клуб құрылысына ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінімдер құзырлы орындарға жолданғанын жеткізді.

Сонымен қатар, Қаракеткен, Далдабай елді мекендерінің 12 көшесін күрделі жөндеуге және Қаракеткен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға жоба сметалық құжаттар әзірленуде.

М.Шәменов ауылындағы жол мәселесі бүгінде толықтай шешім тапқан. 2023 жылы Бұқарбай батыр көшесі күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда елді мекенге кіреберіс аудандық маңыздағы 1,4 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеуге және қосымша 3 көшені күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттар дайындалғанын жеткізді.

Айта кетейік М.Шәменов елді мекенін газдандыруға облыстық бюджеттен 20,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, Бұқарбай батыр ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасалуда. Қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталып, жол белгілерін орнату, жолақтар сызу жұмыстары жүргізілуде. Қосымша 11 көшесінің құрылысына және 16 көшені жарықтандыруға жоба-сметалық құжаттар дайындалды.

2023 жылы Таң ауылдық округі, Жаңақоныс елді мекеніндегі балалар ойын алаңы ағымдағы жөндеуден өтеді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл тұрғындары тарапынан электр желілерін жаңарту мәселесі қозғалды. Асқарбек Темірбекұлы бұл мәселенің өзектілігін ескере отырып, сала басшыларына жоба сметалық құжаттарын дайындауды тапсырды.

Бүгінде ауылдық округтерде ауылды дамыту мақсатында демеушілер есебінен атқарылып жатқан жаңа жобалар қатары көбейіп келеді. 2023 жылы «MEGA-Агро» ЖШС-нің қолдауымен 5,0 млн. теңгеге М.Шәменов ауылдық округіндегі мәдениет үйіне 200 дана орындық орнатылды.

Сондай-ақ, Бұқарбай батыр ауылындағы «Жаңару» ФҚ-ның қолдауымен Ким Яков көшесіне 2,0 млн. теңгеге тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, «Мелиоратор» ЖШС-нің қолдауымен 25,0 млн. теңгеге балалар ойын алаңы салынды.

Таң ауылдық округінде де «Таң LTD» ЖШС-нің қолдауымен 59,0 млн. теңгеге түнгі жарықтандыру жұмыстары жасалып, 80,0 млн. теңгеге тағзым алаңы салынды. Қазіргі таңда 200,0 млн. теңгеге спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қаракеткен, М.Шәменов, Бұқарбай батыр және Таң ауылдық округтерінде өткен есепті кездесулерде аудан әкімі Есжанов Асқарбек Темірбекұлы елді мекендердегі ауқымды жобалардың жүзеге асуы мемлекет қолдауының дәлелі екенін айтты.

Халықпен кездесулерде аудан әкімімен бірге облыстық мәслихат депутаты Ә.Шаймағанбетов, аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары және бөлім, мекеме басшылары қатысты. Жұмыс сапары барысындағы ұсыныс – пікірлер бойынша тиісті сала басшыларына бір қатар тапсырмалар берілді.

Аудан әкімінің тұрғындармен есепті кездесулері 28 қыркүйек күні Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл, Мәдениет, Мырзабай ахун, Ақсу ауылдық округтері және Жалағаш кентінде өткізіледі.

БӨЛІСУ