Қазалыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Тұрғындар ауылдық округтерден әкелінген өнімдерді 10-15 пайызға арзандатылған бағамен сатып алды. Бұл жолғы жәрмеңкеге ауылдардан 18 тонна қауын-қарбыз, 13 тонна картоп, 1 тонна балық және көкөніс пен жеміс-жидек түрлері, ет, сүт, балық өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеге тіпті аудан тұрғындары үшін қысқы мал азығы мен ұсақ малдарда әкелінді.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты. Жергілікті шаруалардың өнімдерін насихаттауды мақсат тұтқан шара алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Жәрмеңкеге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, ауылдық округтерден әкелінген бау-бақша өнімдерімен танысты.

Аудан басшысы жәрмеңкеге келген тұрғындармен пікір алмасып, биылғы өнімнің сапасына оң бағасын берді.

БӨЛІСУ