Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Мәжіліске комиссия мүшелері, дербес бөлімдер мен құқық қорғау органдарының басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша, яғни, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы атқарылған шаралар туралы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейітов баяндама жасады.
Сонымен қатар күн тәртібіндегі екінші мәселе аудандық экономика және қаржы бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы қабылданған шаралар туралы бөлім басшысы Әліби Әбиевтің баяндамасы тыңдалды.
Жиын барысында отырыста қозғалған мәселелер жөнінде комиссия мүшелері де сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Комиссия отырысының қорытындысымен аудан басшысы заң талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екенін айтып, барлық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға шақырды.