Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Медиаторлар кеңесінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданында мектеп психологтары және кәсіби медиаторлармен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – аймағымыздағы медиация институттарының қызметін жетілдіру, оның тиімділігі, күш пен уақытты үнемдеу, шиеленістерді шешудің тиімділігін түсіндіру, отбасы, еңбек қатынастары және даулы мәселелердің алдын алу, сонымен қатар тұрғындарға құқықтық, әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру болып табылады.
Шараға «Әділдік жолы» РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиал басшысы, облыстық ҚХА жанындағы Медиаторлар Кеңесінің төрағасы, тренер-медиатор Ләззат Бақтыбаева және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Медиация кабинетінің үйлестірушісі Шахизат Абдраманова қатысып, медиация институты жайлы жалпы мағлұматпен бөлісті.
Медиация институты, оның тиімділігі, медиация тәсілін меңгеру пайдасы, оның сот өндірісінен айырмашылығы, медиацияның тетіктерін ұтымды пайдалану, қызметте, қоғамда орын алатын дауларды екі тарапқа да оңтайлы реттеу сынды мәселелер сөз болды.
Кездесу соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

БӨЛІСУ