Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, бұдан бөлек басқа да оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында қала көлемінде түнгі бақылау жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев жауапты мекемелерге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында бірқатар тапсырмалар берді.

Ойын-сауық орталықтары мен жастар көп жиналатын орындарды аралау барысында анықталған кәмелетке толмағандардың ата-аналарына ескерту хаттамалары рәсімделді.

Айта кету керек, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23.00-тен таңғы 6.00-ге дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

Жалпы, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы қауіпсіздік шаралары жалғасын табатын болады.

БӨЛІСУ