Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният оқыту бағдарламасын ашу шеңберінде “Томирис” әйелдер көшбасшылығының жобасына қатысушылардың алдында сөз сөйледі.

Денсаулық сақтау саласындағы әйелдер көшбасшылығының ерекше рөлін атап өтіп, ведомство басшысы бұл саланың стратегиялық менеджментінде де, медициналық ұйымдардағы процестерді күнделікті ұйымдастыру мен басқаруда да әйел дәрігерлердің тарапынан көрінетінін атап өтті.

Басшы лауазымдарда Омарова Мариям Нұрғалиқызы, Қайырбекова Салидат Зекенқызы, Дүйсенова Тамара Босымбекқызы сияқты көрнекті қайраткерлер денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосты.

Министрдің айтуынша, Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет халықтың өмір сүру ұзақтығының деңгейі 2022 жылы 74,44 жасқа, ал әйелдерде – 78,41 жасқа жетті. Егер денсаулық сақтаудың негізгі параметрлеріне тоқталсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 29%-ға төмендеп, 1000 халыққа шаққанда 6,8-ді құрады. Қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім – жітім 32%-ға, обырдан-7%-ға, жарақаттан-5%-ға төмендеді. Ана өлім-жітімі 3 есе, нәресте өлім-жітімі 8%-ға төмендеді.

Бұл нәтижелерге 78 мың дәрігер мен 180 мыңнан астам орта медицина персоналы маманының қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілді, олардың 80%-ы әйелдер, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ, А.Ғиният жұмыс істеп тұрған Ұлттық орталықтардың базасында кардиология, кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантаттау және ортопедия саласындағы қазақстандық медицинаның жетістіктеріне назар аударды, онда ел азаматтары шетелге шықпай-ақ әлемдік деңгейде ем ала алады.

Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен баладенсаулығын сақтау жөніндегі міндеттерді ойдағыдай шешуде, бұған мынадай фактілер дәлел бола алады. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Министрлік “Аңсаған сәби” арнайы бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда, нәтижесінде 20 мың әйелге ЭКҰ қызметтері ұсынылды. Бағдарлама жұмыс істеген 2 жылдың ішінде 8 мыңнан астам әйел ЭКҰ-дан кейін жүкті болып, көптен күткен 5 мың бала дүниеге келді.

БӨЛІСУ