Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп ү.ж. 22 тамыз күні сағат 10.00-де «Көп бейінді облыстық ауруханасының» мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбын түсіндіру мақсатында сұхбат алаңы өткізілді.

Негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде күресу екенін айта келе, облысымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары, жастар арасында кездесулер, білікті заңгерлердің ұжымдармен сұхбаттар және басқада көптеген шаралар жүргізіліп жатқаны жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін жөнінде түсіндерме беріп, атап айтқанда, қазіргі таңда әрбір мемлекеттік органдар жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағыт жұмыс жасап жатқаны жөнінде ақпараттар берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментің Превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде құқықтық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сұхбат алаңы соңында шара төңірегінде бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап берілді.

БӨЛІСУ