Қызылордалық полицейлер «Учаске» іс-шарасы аясында Өсербаев көшесінде рейдтік жұмыстар өткізді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы және Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қасанов Айдар Демегенұлының нұсқауына сәйкес полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаруда. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Учаске» іс – шарасының аясында Өсербаев көшесінде рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жалға берілетін пәтер агенттіктерінің иелерімен Қорқыт ата көшесі №3, Өсербаев көшесі № 67, Әуезов көшесі №5, Әйтеке Би көшесі №24 және №26 үй-жайларда пәтер беру кезінде құқық-бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық талаптарды сақтау, қоғамдық тыныштық ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ учаскелік инспекторлар жалға берушілерге шетел азаматтарына пәтер беру кезінде міндетті түрде профилактикалық әңгімелер жүргізу туралы ескертті.
Сонымен қатар, Өсербаев көшесінде орналасқан дүкен иелеріне белгіленген уақыттан кейін спирттік өнімдерді сатуға тыйым салу туралы, ал мұндай фактілер анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарламалар таратылды.
Іс-шара барысында барлығы 12 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, қоғамдық орынды ластау бойынша – 2 , қоғамдық орында тиісу – 1, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру – 1, жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүру – 3, жол белгісі талабын орындамау – 3 дерегі анықталды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

БӨЛІСУ