Қазалы ауданына іс-сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов №249 мектеп-лицейінде білім саласының өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында халық қалаулысы Парламент Мәжілісінің қабырғасында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталып, елімізде білім саласына қатысты жүргізіліп жатқан реформалар туралы ұстаздар қауымына жеткізді.

Мұнан соң жиынға қатысушы ұстаздар қауымы сөз алып, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша, сондай-ақ білім беру мекемелерінде жұмыс жасайтын техникалық қызметкерлердің еңбекақысын көтеру, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жас мамандардың тұрғын үймен қамтылуы тақырыптарында ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Жиын қорытындысы бойынша халық қалаулысы барлық мәселелерді бақылауына алып, тиісті деңгейде шешілуіне жұмыс жасайтындығын атап өтті.

Айта кетейік, жиынға аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеуімбетов және Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов қатысты.

БӨЛІСУ