Бүгін “AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Бақытбекұлы, Өңірлік даму кеңесінің төрағасы Қ.Ильясов және комиссия мүшелері аймақтың жылу маусымына дайындық жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Алдымен Қызылорда жылу электр орталығының жұмыс барысын бақылап, жылу жүйелерінің алдағы қысқы мезгілге дайындығын пысықтады.
Мұнан соң аманаттықтар партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген С.Бейбарыс көшесіндегі жылу құбырларының жаңғыртылуымен танысты.
Бақылау жұмысы барысында жылу электр станциясы, жылу желілері және резервтік отынның жай-күйі айтылып, мердігер мекемелерге жаңғырту жұмыстарының сапалы аяқталып, уақытылы пайдалануға берілуі тапсырылды.