Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылыс қарқынымен танысты.
Құрылыс жұмыстарын жүргізуші “НұрТехСервис” ЖШС-і мен “ҚазҚұрылысСервис” ЖШС мердігер мекемелері басшыларына 30 қарашаға дейін құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, өткізу туралы тапсырма берді.
Аудан басшысы: “Халық бұл нысандардың аяқталу уақытын асыға күтіп отыр. Сол себепті ел игілігіне бағытталған құрылыс нысаны мен тапсырған мерзімнен кешіктірілген жағдайда міндеттелген жұмысқа салғырттық танытқан мердігер мекемелерге заң аясында қатаң шаралар көрілетін болады”,-деді.
Аталмыш мердігер мекемелердің жұмыс барысын қатаң бақылауды сала бойынша орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлына тапсырды.