2023 жылғы “Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен” Қармақшы ауданының 11 елдімекені қолайсыз болып танылған болатын. Атап айтқанда: Жосалы, Төретам кенттері, Қызылтам, Диірментөбе, Ақай, Дүр Оңғар, ІІІ–Интернационал, Алдашбай Ахун, Қуаңдария, Кекірелі және Шобанқазған ауылдары.

Осыған сәйкес ағымдағы жылдың 21 тамыз–15 қыркүйек аралығында құрамында 7 техника, 7 адамы бар Шымкент қаласының “SATTI TULIK” ЖШС мердігер мекемесімен бірлескен “Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына” қарсы залалсыздандыру жұмыстары аудандағы қолайсыз болып табылған елдімекендерге 1 және 2 кезеңдік залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін болады.

Залалсыздандыру (дәрілеу) жұмыстарының нәтижесі тиімді және сапалы жүргізілуі үшін қолайсыз елдімекендердің тұрғындары мал қораларымен аулаларына механикалық тазалық жұмыстарын жүргізіп, қи-қоқыстан тазартылуын сұраймыз және барлық тұрғындарды залалсыздандыру айлығы аясындағы тазалық жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамыз!

БӨЛІСУ