Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев кезектілікке сәйкес «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келушілердің бірі тұрғын үй мәселесін көтерді. Одан бөлек, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жағдайлар, тұрғын үй мен жер кезегі және жеке тұрғын үй салу мақсатында алынған жерге ауыз су мен газ тарту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, тұрақты жұмысқа тұрғызу және жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестің алдын алуға қатысты ойларын жеткізді.

Қабылдау барысында аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, жеке қабылдауға аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш те қатысып, кейбір сұрақтарға қатысты өзінің ойын жеткізді.

БӨЛІСУ