Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтың төрағалығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде “Күзгі мерзімді әскерге шақырылушы азаматтарға жүргізілген зерделеу жұмыстары және әскерге шақыруға дайындық барысы туралы” қаралды. Сондай-ақ, зерделеу жұмыстардың нәтижелері және алдағы әскерге шақыру жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды.

Басқосудың қорытындысымен қала, кент және ауылдық окург әкімдеріне және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, аудандық полиция бөлімі мен Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының басшылық құрамына хаттамалық тапсырмалар берілді.

Мұнан соң көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарында нәтижелі жұмыс жасаған азаматтар аудан әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталды. Айта кетейік, жиынға комиссия мүшелері, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

БӨЛІСУ