Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион жанында «Мүмкіндіктер керуені» өткізілді. Шарада арнайы сала мамандарының қатысуымен жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламаларын кеңінен түсіндіру, жастардың өзекті мәселелерін зерделеу бағытында сала мамандары қатысуымен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кеңес беру шарасына Қызылорда қалалық Мансап орталығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облыстық
филиалы, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, “Отбасы банкі” АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, Облыстық «Жастар денсаулық орталығы» КММ-сі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары қатысып, жастарға өз салалары бойынша бағыт-бағдар, кеңес беру жұмыстарын жүргізді.
Шарада өңір жастарының талап-тілектері тыңдалып, ұсыныс-пікірлері жинақталды. Мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау, салааралық байланысты нығайту жұмыстары жүргізілді.