«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мобильді көшпелі қабылдау тобы Қармақшы ауданының Қызылтам ауылында болып, жергілікті халықпен дидарласып, елдегі ахуалмен танысты.

Шалғай ауылда ұйымдастырылған көшпелі қабылдауға 30-ға жуық ауыл тұрғыны келіп, аманаттықтарға талап-тілектерін білдірді. Олар елді мекенінің кіре беріс жолдарына асфальт төсеу, электр жарығы жиі істен шығуы, тұрақты жұмыспен қамту және «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы бойынша мәселелер көтерді.

«Көшеміздегі үй іргесінде тұрған электр бағанасы құлауға сәл қалып тұр. Балаларымыз үшін алаңдаймыз. Осы бағананы жөндеп, сымдарын жаңартса»-деген өтініш білдірді ауыл тұрғыны Әділбек Қанағатов.
Мәселе бойынша тиісті мекеме басшысы назарға алып, жөндеу жұмыстарын жүргізу жасалатынын айтты.

Мобильді топ өкілдері тарапынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындығы жеткізіліп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.

БӨЛІСУ