Қызылорда облысында демеушілер есебінен 31 млрд. 700 млн. теңгенің жобалары жүзеге асуда.
Оның ішінде:
1 млрд. 100 млн. теңгеге облыс орталығындағы 50 үйдің қасбеті заманауи панелдермен қапталуда.
1 млрд. теңгеге 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылуда.
Белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен «Анаға тағзым» орталығы (1,5 млрд. теңге), Болат Өтемұратов қоры арқылы «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы салынуда (31 млн. АҚШ доллары).
Жаңақорған ауданында 790 млн. теңгенің заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында 350 млн. теңгенің «Еңбекшілер паркі» халыққа қызметін бастады.
Арал ауданының Тоқабай ауылында жеке инвестор құны 500 млн. теңге болатын жаңа мектеп құрылысын бастады.
Сәуір айында Қызылорданың Түркістан облысымен шекарасында құны 230 млн. теңге болатын облыстың кіреберіс қақпасы ашылды.
«Қазгермұнай» ұлттық компаниясымен келісім нәтижесінде Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» жобасы басталады. “Балалар жылы” аясында демеушілер бүлдіршіндерге 80 спорт-ойын алаңын салып берді.
©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі