Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов Байқоңыр қаласында болып, партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген нысандардың жай-күйімен танысып, жұмыс қарқынын бақылады.
Төраға алдымен Ақай елді мекеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс орнында болып, ондағы жасалып жатқан жұмыстарға партиялық бақылау жасады. Мұнан соң Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысын зерделеді.
Сапар барысында 2015 жылы ашылған Е.Көшербаев атындағы 279 мектеп-лицейдің жаңа оқу жылына және жылу маусымына дайындығы пысықталды. Одан соң Төретам, Ақай елді мекендерін газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарымен танысты. 2022 жылы басталған жобалар жыл соңына пайдалануға беру жоспарлануда.
Мұнан соң төраға аумақтық филиалдың кезекті XXVIII конференциясына қатысты. Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, облыстық конференцияға делегаттар сайланды.