Тамыз айының басында «AMANAT» фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев Бозкөл ауылының жастары үшін үлкен қуаныш сыйлады.

Халық қалаулысы 2013 жылы пайдалануға беріліп, қазіргі таңда тозығы жеткен ашық спорт алаңын өз қаражаты есебінен 2 млн. теңгеге қайта қалпына келтіріп, жаңа нысанды «Бозкөл ауылы күні» қарсаңында халық игілігіне пайдалануға берді.

Бұл ұсыныс өткен жылы «Жастар керуені» жобасы аясында аудандық мәслихат депутатының ауыл жастарымен кездесуі барысында айтылған болатын. Бүгінде бозкөлдік жастар өзекті болған мәселенің оң шешілуіне атсалысып, бұйымтайларын орындаған Райымбек Болатбекұлына ауыл тұрғындары атынан шынайы алғыстарын білдіруде.

Айта кетейік, халық қалаулысының ауданға игі ісі көп. Осыған дейін, депутаттық фракцияның мүшесі демеушілік көмегі аясында шалғайдағы Кәукей мен Бозкөл ауылдарының 70-ке жуық отбасына бау-бақша егуіне егістік жерді дайындап беріп, толық сумен қамту үшін су айдайтын дизельді насос орнатып берген болатын.

БӨЛІСУ