Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Актив отырысында кадрлық өзгерістер таныстырылды.

Жалағаш ауданы әкімінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №335 өкімімен Қайнарбаев Ержан Еділбайұлы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ержан Еділбайұлы 1986 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, мамандығы бастауыш сынып мұғалімі, тарих мамандығы бойынша бакалавры, құқықтану.
Еңбек жолын 2007 жылы Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі Т.Жүргенов атындағы №123 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2011-2013 жылдары – Жалағаш аудандық білім бөлімінде бас маманы.
2013-2015 жылдары – Жалағаш ауданы әкімі аппаратында персоналды басқару бөлімінің бас маманы.
2015-2018 жылдары – Жалағаш ауданы әкімі аппаратында персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы.
2018-2023 жылдары – Жалағаш ауданы әкімі аппаратында ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы.
2023 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.

 “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімдерді тіркеу туралы 2023 жылғы 13 тамыздағы №7 шешіміне сәйкес, 2023 жылғы 14 тамыздағы №332 өкімімен Қорғанбек Төлеген Қорғанбекұлы Мәдениет ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.
Төлеген Қорғанбекұлы 1989 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы дене шынықтыру және спорт. Еңбек жолын 2009 жылы Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған. 2013-2017 жылдары – Қызылорда қаласындағы «Қадам Б.М.К» ЖШС-де бөлім басшысы, «Спорттық АДС Джиу-Джитсу Шин Айкидо федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы филиалында бас менеджер. 2017 жылы – Жалағаш кентіндегі «Наркескен» спорт клубында спорт нұсқаушы. 2017-2021 жылдары – Қызылорда қаласында «Айбар» ЖШС-і директорының орынбасары. 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін жеке кәсіппен айналысқан.

Жалағаш ауданы әкімінің 2023 жылғы 9 тамыздағы №325 өкімімен Сағал Уәлихан Таңатарұлы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Уәлихан Таңатарұлы 1995 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы құқық бакалавры. Еңбек жолын 2018 жылы Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде әдіскер болып бастаған. 2020-2023 жылдары – Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы. 2023 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келген.

БӨЛІСУ