Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында қала көлемінде күшейтілген тәртіппен түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылуда.
ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23.00-тен таңғы 6.00-ге дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
Жоғарыда аталған жауапкершілік бойынша аралау барысында анықталған кәмелетке толмағандардың ата-анасына ескерту, хаттамалары рәсімделді.
Оқу жылының қарсаңында облыс орталығына ауылдық және елді мекендерден студент жастардың келуі жиілей түседі. Осыған сәйкес аталмыш бағыттағы алдын-алу және қауіпсіздік шаралары жалғасын табатын болады.