М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде жазушы-сатирик Нұрмахан Елтайдың 70 жас мерейтойына арналған “Ауыл айтқыштары” атты облыстық сықақшылар байқауы өтті.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Шиелі ауданының “Құрметті азаматы” қалың оқырманға сатира жанры арқылы танымал қаламгердің меншікті мерекесіне орай өткен сайысқа көргілес Қазалы, Жалағаш Шиелі және Қармақшы аудандарынан өнерпаздар қатысып, бақ сынады.

Шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы мерейтой иесін мерейлі мерекесімен құттықтап, аудан басшысының ыстық лебізін жеткізді.
Сондай-ақ, кеште жақында ғана жарыққа шыққан “Қандөз-құт мекенім” кітабы таныстырылып, “Сұңқарлар биікте самғайды” еңбегінің тұсауы кесілді.
Шара соңында байқау қорытындысы жарияланып, БАС ЖҮЛДЕГЕ Кейден ауылдық клубының директоры Балмұхаммед Әбжаппаров лайық деп танылды.
Сәйкесінше, жүлделі I орын Қазалылық өнерпаз Дәурен Ерназаровқа, ІІ және ІІІ орындар жерлесіміз Әжімұратов Тоқтарға, Ысқақова Айнұр (Шиелі) мен Ғалымжан Шакизадаға (Қармақшы) бұйырды.

БӨЛІСУ