Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауына арналған «Жаңа қоныс – Жаңа Қазақстан» тақырыбындағы Ақжарма ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Дала дауысы» мәдени-үгіт бригадасының іс-шарасына қатысты.

Мәдени-үгіт бригадасы «Ақжарма-2» шаруа қожалығы қызметкерлеріне Жолдаудың мән-маңызын атап көрсетті.

Президент Жолдауда еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынып, әлеуметтік-экономикалық салада, ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде жүзеге асырылатын басты міндеттерді айқындап берді. Қазіргі уақытта Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Насихат жұмыстарын жүргізген үгіт бригадасы еңбеккерлерге концерттік бағдарлама ұсынды.

БӨЛІСУ