Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық қоғамдық кеңестің алдында есеп берді. Жиынды аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов ашып, жүргізіп отырды.

Қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан басқосуда аудан басшысы 2023 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы ауқымды жобаларды да айтып өтті.

Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері көкейдегі сауалдарын қойып, бірқатар ұсыныс-пікірлер айтты.

Мәселен, отырыста аудандық қаржының игерілуі жөнінде сауал жолданса, “Жалаңтөс баһадүр” атындағы орталық стадионға күрделі жөндеу қажет екенін жайында ұсыныс айтылды. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандардың кезегі қалай жылжып тұрғаны бойынша сұрақ қойылды.

Өз кезегінде Мұхтар Әуесұлы жолданған сауалдарға жеке-жеке тоқталып, толыққанды жауап берді.

Айта кетейік, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қоғамдық кеңес алдындағы есебіне қоғамдық кеңес мүшелерінен бөлек, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков және аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп қатысты.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ