2023 жылдың 14 тамызы күні қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қаралып, талқыланды.
1. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы.
2. Қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы.
3. Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №198-28/2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Рысбек және екінші мәселе бойынша қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының м.а Қ.Жүсіпов мемлекеттік қызметтер бойынша атқарылған жұмыстарына, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын сұрақтар, оларды шешу жолдары және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстары туралы хабарлама жасады.
Бүгінгі таңда тұрғын үй инспекциясы бөліммен жеке тұлғаларға бес мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі тарапынан барлығы 16, оның ішінде жер қатынастары саласы бойынша 10, ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлығы 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге байланысты қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова «Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№198-28/2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қалалық мәслихаттың шешім жобасы бойынша хабарлама жасады.
Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан хабарламашыларға сұрақтар қойылып, тиісті ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік орган өкілі ретінде кеңес құрамына енгізілген Парасат Жаңабергенұлы қызметі ауысуына байланысты өз өтініші негізінде Қоғамдық кеңес құрамынан шығарылып, қала әкімінің ұсынысымен «Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің» КММ-нің басшысы Мукеев Азамат Ырысдәулетұлы кеңес құрамына енгізілді.
Отырысты қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы жүргізіп отырды.