Қала әкімінің орынбарасы Ғалымжан Еркебай Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай шаһардағы құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетті.
Ғалымжан Бақтығалиұлы құрыш қолды құрылысшыларды құттықтап, аймақтың осы салада жеткен жетістіктеріне мереке иелерінің үлесі зор екендігін жеткізді.
– Құрылысшы құрметті де мәртебелі мамандық. Қызылордалықтарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, инженерлік, өндірістік және көлік инфрақұрылымын салу жөніндегі мемлекеттік міндеттердің сәтті шешімі құрылысшылардың біліктілігі мен шеберлігіне байланысты. Құрылысшылар күні мерекесі қарсаңында барша Сыр құрылысшылары мен ардагерлерін құттықтай отырып, туған жерімізді көркейтіп-көріктендірудегі игі істеріміз әрдайым жемісті, нәтижелі болсын деп тілеймін, – деді қала әкімінің орынбасары.
Бүгінгі қабылдауда саланың қарқынды дамуына үлесін қосып жүрген бірқатар құрылыс компанияларының қызметкерлері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.