Сырдария ауданы  әкімі Берік Сәрменбаев бірқатар мектепті аралап, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты. Атап айтқанда, Ақжарма ауылындағы №130, Шаған ауылындағы №37, Қалжан ахун ауылындағы №126, А.Тоқмағамбетов ауылындағы №135 мектептің 2023-2024 жылғы жаңа оқу жылына дайындығын көрді.

Аудан басшысы барлық білім ошағы жаңа оқу жылына дайын болу керектігін атап өтті. Жаңа оқу жылын оқушылар жаңа леппен қарсы алу үшін жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілу керектігін ескертті.

Бүгінде білім ошақтары ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Мектептерге бейнебақылау камералары орнатылған.

Айта кетейік, ауданда 2023-2024 оқу жылында 17 мектепте 8 292 оқушы оқиды деп күтілуде.

БӨЛІСУ