Биылғы жылы ауданымызда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 35732 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырылғаны мәлім. Сырдария ауданында аграрлық саланың өрісі кеңейіп, шаруардың жұмысы ширай түскен. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабековпен сұхбаттасқан едік.

– Нұрбол Баянәліұлы егін саласындағы серпінді жұмыстарды атап өтсеңіз.

Сырдария ауданында негізгі дақыл – күріштің көлемі 23500 гектар, жаздық бидай 1723 гектар, арпа 15 гектар, мақсары 180 гектар, күнбағыс 100 гектар, жаңа жоңышқа 1846 гектар, ескі жоңышқа 7200 гектар, және картоп, көкөніс, бақша 1168 гектарды (картоп-508 га, көкөніс – 240 га, бақша – 420 га) құрайды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық құрылымдары тарапынан ауыл тұрғындары үшін егіс алқаптарынан 359 гектар қосымша жерлер ашылып, 1105 отбасыға бөлініп берілді.
Оның 200 гектарына картоп, 51 гектарына көкөніс, 108 гектарына бақша дақылдары егілді.
Биылғы жылдың егісіне 6788 тонна күріш тұқымы себілді. Атап айтқанда, отандық сорттар бойынша «Сыр Сұлуы» 140 гектарға, Ресейлік сорттар бойынша «Лидер» 17910 гектарға, «Янтарь» 5299 гектарға, «Яхонт» 35 гектарға, «Патриот» 36 гектарға, Украйндық сорттар бойынша «Премиум» 17 гектарға, «Виконт» 63 гектарға себілді.

– Шаруашылықтар минералдық тынайтқыштарды қалай үйлестіріледі? Жалпы, ауыл шаруашылығы саласындағы техника қоры жеткілікті ме?

– Шаруашылық құрылымдары қажетті минералдық тыңайтқыштың 10010 тоннасын (100 %) және арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің 16500 литрін (100 %) сатып алды. Бүгінгі күнге 17000 гектар(100,0%) күріш дақылын тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріліп, арамшөптерге қарсы 19000 гектар (100,0 %) көлемге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Шаруашылық құрылымдары жоңышқа дақылының 4670 гектарынан (І – орымынан) 4670 тонна мал азықтық шөп жиналып, орта өнімі 10,0 центнерден келуде. (ІІ-орымын ору жұмыстары жүргізілуде)

Сонымен қатар, егілген 1723 гектар бидайдың 1610 гектары жиналып, 11753 центнер өнім алынып, орта өнімі гектарына 7,3 центнерден, 15 гектар арпадан 165 центнер өнім алынып, орта өнімі гектарына 11,0 центнерден келуде. Көктемгі дала жұмыстарына жүргізуге барлығы – 744 дана (Оның ішінде: 350 трактор, 201 трактор тіркемесі, 83 соқа, 47 дән сепкіш, 63 жүк көліктері) ауыл шаруашылығы техникалары қатысты.
Көктемгі егін және дала жұмыстарына арзандатылған 2879 тонна дизель отынын жеткізіп беруші оператор «Жібек жолы ЛТД» ЖШС-гі 212 теңгеден шаруашылық құрылымдарына жеткізілді.

Күзгі егін жинау жұмыстарына қажетті жанар-жағар май 2722 тоннаны құрап отыр, бүгінгі күні шаруашылық құрылымдары тарапынан жеткізіп беруші операторды таңдау жұмыстары жүргізілуде. Егін жинау науқанына барлығы – 969 дана (оның ішінде 230 комбайн, 120 жатка, 360 трактор, 196 трактор тіркемесі, 63 тасымал автокөлігі) ауыл шаруашылығы техникалары қатыса деп жоспарлануда.

БӨЛІСУ