Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов жауапты сала басшыларымен бірге Жалағаш кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, мердігерлерге құрылыс нысандарының уақытында және сапалы орындалуын тапсырды.

Алдымен аудан әкімі Дене шынықтыру – сауықтыру кешеніндегі жұмыс барысымен танысты. Нысанның ішкі және сыртқы құрылыс жұмыстарына қанық болған Асқарбек Темірбекұлы мердігерге құрылыс жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтау қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін табиғи газға ауыстыру барысыда назардан тыс қалмады.
Биыл Республикалық бюджеттен іске асрылып жатқан «Наркескен» спорт клубы мен аудандық кітапхана ғимараттарының жылу қазандықтары газға ауыстыру жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырды.

Жаңа оқу жылына білім ошақтарының дайындық жұмыстары да күн тәртібіне енгізіліп осы мақсатта аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарына шолу жасалды.
Сыйымдылығы 1076 орындық 3 қабатты мектеп типтік жобада салынған. Бүгінде білім ошағында 934 оқушы білім алуда. Мектепалды даярлық тобында 75 бала қамтылған.

Жаңа оқужылына дайындық барысын пысықтаған аудан басшысы жеке кәсіпкерлер салып жатқан тұрғын үйлер құрылысымен танысып, баспананың тұрғындар үшін жайлы, құрылыс сапасының жақсы болуы қажеттігін айтты. Бүгінгі күнге 10 үйдің төбесі шатырланған, 6 үйдің қабырғасы қаланған, тағы да 6 үйдің қабырғасы қалануда, 11 үйдің іргетасы құйылған. Тұрғын үйлерді қазан айына дейін толық қабылдап, сатып алу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 50 тұрғын үй сатып алуға 480,0 млн. теңге бөлінді.
Аудандық маңыздағы Ақсу ауылына кіреберіс автомобиль жолына жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстары сапалы орындалуда. Бұл ретте аудан басшысы алдағы аптады асфальттау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «Транс-Сервис» ЖШС мен «Қызылорда жолдары» ЖШС арасында келіссөз жүргізіліп, қазіргі таңда 1,7 шақырым жолды асфальттау жұмыстары жүргізілді. Қалып отырған шамамен 620 метр жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жұмыстар 60 пайызға орындалған.

Бүгінгі іс-сапар барысында аудан әкімі Асқарбек Есжанов Жалағаш кентіндегі нысандардың тазалығы мен халыққа қызмет ету сапасын үнемі бақылауда ұстап, сала басшыларына әр нысанның жетілдіру қажет тұстарын көзбен көрсетіп, орындалуын тұрақты бақылауда ұстап отыратынын айтты.

БӨЛІСУ