Жаңақорған ауданында ерекше кәсіппен айналысушылар қатары уақыт өткен сайын артып барады. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен қайтарымсыз грант алып, өз ісін дөңгелетіп отырған азаматтар баршылық. Жалпы ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 7 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,5 пайызға ұлғайып отыр. Тиісінше бұл саладағы белсенділік көрсеткіші 96,8 пайызды құрады. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов хабарлады.

–Өздеріңіз білетіндей, Жаңақорған ауданы кез келген кәсіппен айналысуға ыңғайлы аймақтың бірі. Осы себепті жыл сайын ауданымыздың кәсіпкерлер қатары көбейіп, шығарған өнімдері басқа өңірлерге де жөнелтілуде. Аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 230 жобаға 1 млрд.599 млн теңгенің қаржылай қолдауы көресетілген. Мәселен, 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 100,6 млн теңгені құрайтын 73 жоба грант жеңіп алса, 131 жобаға 1 млрд.200 млн теңгенің несиесі берілді. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алуға 3 млрд.400 млн теңгені құрайтын 505 жоба іріктелді. Ал бөлшек сауда көлемі 3 млрд.405 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 111,9 пайызды құрады, – деді аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов.

Жаңақорған ауданында жыл басынан бері 57,4 млрд.теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілсе, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 36,7 млрд теңгені құрап отыр. Сондай-ақ негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17,9 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артқан. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді.
-Жеке инвестициялар бойынша өсім негізінен Шалқия полиметалл кен орнын өнеркәсіптік игеру және кен байыту зауытын салу есебінен, уран өнімін өндіретін «Қазатомөнеркәсіп» мекемелері есебінен, күкірт қышқылын өндіретін «СКЗ-U» ЖШС-гі есебінен, «Санатория Жаңақорған» АҚ-ң есебінен ұлғайып отыр. Сонымен қатар, ауданда 38 млрд.теңгені құрайтын 10-ға тарта ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта іске қосылатын инвестициялық жобалар есебінен салық түсімдерін 4 млрд.теңгеге жеткізу жоспарымызда бар, – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Сонымен қатар,  ауыл шаруашылық саласы бойынша өзгелерден бәсі биік екені анық байқалады. Бұл сала бойынша жалпы өнімнің көлемі 101,2 пайызды құраса, биылғы жылы аудан бойынша 37 781 гектарға егiс егу межеленіп, жоспар толығымен орындалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов баяндады.

– Қазіргі таңда, 3151 гектар күздік бидай мен күтімге алынған 15 439 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, суарылды. 5000 гектар жаңа жоңышқа, 194 гектар жаздық бидай, 30 гектар жаздық арпа, тары 260 гектар, жүгері 738 гектар, 2010 гектар мақсары, 46 гектар күнбағыс, қант құмайы 10 гектар, 3296 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Бекітілген күріш егу және суға бастырудың 5 күндік кестесіне сәйкес, бүгінгі күні 7607 гектар күріш егіліп, суға бастырылды. Бұған қоса, 3151 га күздік 17 центнерден, 194 жаздық бидайдан 15 центнерден өнім алынса, 1000 тоннаға жуық бақша дақылдары Ресей мемлекетіне экспортқа шығарылып, қалғаны басқа облыстарға жөнелтілді, – деді аудан әкімі.

Ауданда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қосымша 295 га жер ашылып, 845 отбасы картоп, көкөніс, бақша дақылдарын еккен. Жалпы, ауданда 781 шаруашылық құрылымдарының 485-і егін егумен айналысады. Оның ішінде, 234 шаруашылық күріш егеді.

Биыл Жаңақорған ауданында 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі білім ошағының құрылысы басталды. Бұл жөнінде Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов хабарлады.
–Осы жылы Жаңақорған кентіндегі 600 орындық мектеп, Жаңарықта 300 орындық және Байкенжеде 150 орындық білім ұйымының құрылысы басталған болатын. Ал 2020 жылы іргетасы қаланған Жаңақорған кенті МАИ бекетіндегі мектептің құрылысын толық аяқтауға 348 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда бұл білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, ауданымызда медицина саласына да көп көңіл бөлініп, халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында бірнеше жоба қолға алынды. Атап айтқанда, биыл Ұлттық қордан 292,4 млн.теңге бөлініп, Қаратөбе ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториямен қатар 15 төсекке арналған аурухана салуға арнайы жоба қарастырылды. Жоба құны – 966 млн.теңге. Бұл жұмыстардың барлығы жүйелі түрде жүргізілетін болады, – деді аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы.

Жаңақорған ауданының орталығындағы электр желілерін жаңғыртуға «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен өткен жылы 899 млн.теңге, ал 2023 жылы 1 млрд 600 млн.теңге бөлініп, бүгінді тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов хабарлады.

-Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес демеушілерді тарта отырып, 9 елді мекеннің электр желісін жаңғыртуға жоба жасалып, сараптамадан өтті. Жобалардың жалпы құны 2 млрд 300 млн теңгені құрады. Аталған жобаны бастауға 2023 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 503 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, осы жылдың басынан демеушілер есебінен тағы да 10 елді мекеннің электр жүйелерін жаңғыртуға жоба жасап, 2024 жылдың бюджетінен қаржы бөлдіру үшін салалық министрлікке бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобалардың жалпы құны 3 млрд 300 млн теңге. Осы жобалар жүзеге асқан уақытта электр желілері жаңартылады,-деді аудан басшысы Мұрат Жолкелдіұлы.

Аудан әкімі баспасөз конференциясында Жаңақорған кенті ғана табиғи газға қосылып, тұрғындарға шаққандағы газдандыру үлесі 38,8 пайызды құрағанын, осы жылдың сәуір айында Бірлік, Қыраш елді мекендеріндегі газ пайдалануға берілгенін айтты.
Жалпы осы жылы жоғары тұрған бюджеттерден 5 елді мекенді газдандыруға да 2 млрд 900 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Бұған қоса, Төменарық, Шалқия, Құттықожа, Жайылма, Кейден елді мекендерін газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

– Төменарық елді мекеніне жоғарғы қысымды таратылатын газ құбырын салу жобасы басталғанын көріп, ендігі кезекте сол аумақта орналасқан тағы 5 елді мекенді газдандыруға демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттары жасалынуда. Аталған жобалар толық іске асқан уақытта 13 елді мекен немесе 53 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көретін болады,-деді Мұрат Жолкелдіұлы.

БӨЛІСУ