Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев 2023 жылдың І жартыжылдығына ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Айтуынша, ауданда жер кезегінде тұрған тұрғындар санының жыл өткен сайын көбейіп келеді. Осыған сәйкес аудан басшысы инженерлік-инфрақұрылымды дамыту мәселесін басты назарға алып отырғанын жеткізді.

– Биыл тұрғын үй кезегін азайту мақсатында Ғ.Мұратбаев ауылынан жаңадан ашылған аймақта салынатын тұрғын үйлерді ауыз су, газ және электрмен жабдықтау үшін – 310,483 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі көлемі 180 гектар жер учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізуге 109,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен бөлінген 32,1 млн. теңгеге аудан орталығынан көлемі – 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, тиісті орталық атқарушы органдарға қаржыландыруға ұсынылды, – деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Биыл Қызылорда облысының құрылғанына – 85 жыл болса, құтты мекен Қазалы ауданына – 95 жыл болып отыр. Осыған орай, ауданда ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып, мерейтой аясы кең көлемде тойланбақ. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев хабарлады.
–Жыл басынан бері аудада 95 жылдық мерейтой аясында ауқымды шаралар өткізілуде. Бұдан бөлек, аудан тұрғындарының қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, тағылымы мен тәрбиелік маңызы зор, рухани-мәдени, спорттық бағыттағы түрлі жиындар, жарыстарды өткізу жоспарда бар, – деді Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев.

 Қазалы ауданының орталығындағы 4 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен тағы 3 тұрғын үй жөнделетін болады. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев хабарлады.

–Өткен жылы басталған 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру жұмыстары да биыл толық аяқталды. Сонымен қатар, аудан орталығы – Әйтеке би кентінің шет аймағындағы үйлерді электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстарына – 319 млн.теңге. Ал осы жылға бөлінген қаржы – 187,0 млн теңгені құрайды, – деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

 Қазалы ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі – 11,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызға орындалды. Саланың басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 9,9 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады. Ал шағын және орта кәсіпкерлік саласында 6 760 кәсіпкер тіркеліп, 27,6 пайызға көбейді. Нақты жұмыс жасап тұрғаны 6 522 бірлік, яғни, белсенділік көрсеткіші – 96,5 пайызды құрады. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев хабарлады.

–Осы жылы аудан кәсіпкерлері тарапынан 4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өнім көлемі 10,8 пайызға өсті. Жыл басынан бері ауданда жаңадан 8 кәсіпкерлік нысаны бой көтеріп, 28 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, қаржы ұйымдары тарапынан 247 жоба бойынша аудан кәсіпкерлеріне 2,2 млрд. теңге несие берілді. Бөлшек сауда айналымы 5,4 млрд. теңге болып, 2,6 пайызға көбейді, – деді аудан әкімі Мұхтар Әуезов.

Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Әуесұлы хабарлады.
–Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, өнімінің жалпы көлемі
5,7 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық орындалды. Жыл басынан 3 326 тонна ет, 8 748 тонна сүт және 804 мың дана жұмыртқа өндірілді. Осылайша, ет өндірісі 102,3 пайызға,
сүт 101,3 пайызға және жұмыртқа өндірісі 92,5 пайызға орындалып отыр. Ал аудан бойынша биыл барлығы 17 377 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күріштің көлемі – 6450 га, бақша – 1115 га, көкөніс – 950, картоп – 315 га, мал азықтық дақылдары – 6876 га, – деді аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы

@Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

БӨЛІСУ