Қазақстанда 14 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 30 шілде Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні деп жариялаған. Осы күннің қарсаңында ОКҚ алаңында өткен тақырыптық дөңгелек үстел аясында ІІМ, Еңбек министрлігі, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар, заңгерлер адам саудасына қарсы іс-қимыл, қажетті көмек көрсету, құқық қорғау мәселелерін талқылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гаухар Қалмақова әлеуметтік қолдау туралы хабардар етті.
«Қазіргі таңда республика бойынша 123 адамға қызмет көрсететін 14 дағдарыс орталығы ашылып, жұмыс істеп жатыр. Министрлік тарапынан арнаулы әлеуметтік қызметтер 8 бағытта көрсетіледі. Олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, жұмыспен қамту мәселелері», – деді Гаухар Қалмақова.
Спикердің айтуынша, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Әлеуметтік кодекс аясында жаңа стандарттар қабылданды. Бұл стандарттар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын айқындайды. Бұдан бөлек, жаңа стандарттар арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін барлық мемлекеттік органның өзара іс-қимылын белгілейді. Дағдарыс орталықтарында қызмет көрсету мерзімі 6 айға дейінгі уақытты қамтиды. Қажет болған жағдайда ол ұзартылуы мүмкін.
Мұндай әлеуметтік қызмет 2022 жылдан бастап шетелдік азаматтарға да көрсетіліп жатыр, деп хабарлады Гаухар Қалмақова.
Өңір бойынша 2022 жылы «102» арнасына жанұя жанжалы бойынша 4127 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым-қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 671 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан жанұя шырқын бұзған 2302 азамат «қорғау нұсқамасы санатымен» есепке алынды. Сонымен қатар, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, соттың қаулысымен 521 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленді. Аталған азаматтар Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекенжайларынан үнемі тексеріліп, олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қалада 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетуде. Өткен жылы орталықтарда 195 әйелге көмек көрсетілген.