Кәсіби қызметке дайындық дәрістерінің көптеген артықшылықтары бар.

Қызылорда облысы ТЖД жеке құрамына тоқсан сайын кәсіби сабақтың жоспары бекітіліп, сол жоспарға сәйкес дәрістерді өткізу дағдыға айналған. Бүгінгі сабақтың жоспарына орай «Президенттің Жолдауын қолдаймыз» тақырыбындағы дәрісті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы А. Нұрманова жүргізді. Ол дәріс барысында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы халыққа жолдауын түсіндірді. Аталмыш жолдауда нақты атап көрсетілген 5 басым бағытқа кеңірек тоқталды. Жолдауда айтылған маңызды бес бағыт тақырыптары төмендегіше: «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «Заң және тәртіп». Сонымен бірге аталмыш жолдау аясында елімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.
Онан соң Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» заңы жөнінде бірқатар мамандар дәріс оқыды. Атап айтқанда: Облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” мекемесінің бөлім басшысы Ш. Әбдіраманова, Облыстық ассамблея жанындағы Медиаторлар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Ж. Жәкеев, “Бітім” медиация орталығының медиаторы, Облыстық ассамблея жанындағы Медиаторлар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Қ. Рашев. Дәріскерлер әр түрлі жағдайларға орай медиацияның қолданылу саласы туралы қатысушылардың сұрақтарына да жауап берді.
Сонымен бірге, кәсіби қызметтік сабақтың бүгінгі күнге бекітілген жоспарына орай «Жолда жүру ережелерін сақтау туралы» дәрісті өңірлік полиция қызметкерлері жүргізді. Атап айтқанда: Қызылорда облысының полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Жол қауіпсіздігін қадағалауды ұйымдастыру бөлімінің инспекторы полиция капитаны Б. Байтіков Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы «Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» қаулысына енгізілген толықтырулар туралы дәріс оқыды. Жолда жүру қағидаларын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Оған қоса Қызылорда облысының полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру тобының аға инспекторы полиция майоры Е. Жанұзақов Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңына енгізілген өзгертулер туралы түсіндірді.

БӨЛІСУ