Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау жөнінде жиын өтті.
Жалпы, аудан көлемінде 165 әлеуметтік-мәдени нысан жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ал алдағы жылу маусымына 20,0 мың тонна қатты отын және 2,3 мың тонна сұйық отынға қажеттілік жоспарланып отыр.
Басқосуда аудан басшысы білім, мәдениет және спорт және денсаулық салалары бойынша жылу қазандықтарының дайындығын сұрады. Сондай-ақ, әрбір сала жылу беру маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды.
Бұдан бөлек, жауапты бөлім басшыларына жуық арада көмір тасымалдаушылармен кездесу ұйымдастыруды тапсырды.
Маңызды мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент және тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Жыл санап аудандағы жолдардың жағдайы жақсарып келеді. Оның ішінде Қазалы қаласындағы тұрғындар үшін жағымды жаңалықтар аз емес. Өйткені, биыл «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру» бағдарламасымен Қазалы қаласындағы 15 көше асфальтталады.
Бұған дейін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандағы жүріп жатқан құрылыстардың барлығы тікелей өзінің бақылауында болатынын айтқан еді. Соған сәйкес бүгін Қазалы қаласына арнайы барып, Жәкеев, Жанұзақов 2 және Қазалы 2 көшелеріндегі жолдың құрылысымен танысты.
Жауаптыларға бірінші кезекте жолдың сапасына қатты көңіл бөлу қажет екенін айтқан аудан басшысы тиянақты жұмыс жасап, уақытында аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев пен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа жұмысты ұдайы назарда ұстауды жүктеді.