Аудан әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысында Жалағаш ауданының полиция бөлімімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар және Қаракеткен ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алдын алу мақсатындағы атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мемлекеттік мекемелерде жылына кемінде 2 рет ішкі талдау жүргізу, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатына сай жұмсалу, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және мемлекеттік сатып алу жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сай жүргізілу қажеттігі тапсырылды.

БӨЛІСУ