Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен биыл 65 аудиторлық іс жүргізілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік аудит объектілерінде анықталған заң бұзушылықтарды жою және оған жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша барлығы 55 нұсқама жолданды. Оның 38-і толығымен орындалды.

-2023 жылдың І жартыжылдығына жеке тұлғалардан – 458, заңды тұлғалардан – 932, барлығы 1390 өтінім мен арыз-шағым қабылданды. Аталған өтініштердің 1119-ы қаралып, қалған 69 өтінім жауапты органдардың құзыретіне жолданды. Ал 202 өтінім қаралу үстінде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады, – деді Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ербол Күзембаев.

БӨЛІСУ