Балаларға қамқорлық – қоғам жауапкершілігінің айнасы. Бүгінде өңіріміздегі балаларды озық білім алуына, олардың денсаулық жағдайын жақсартуға түрлі бағыттағы шаралар атқарылуда. Өз кезегінде, келешек ұрпаққа сіңірген еңбектің жемісі мол болары сөзсіз.
Осы орайда, «Облыстық мамандандырылған сәби үйінің» мәжіліс залында «АMANAT» Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гулшат Исақызының төрағалығымен «Облыстық мамандандырылған сәби үйінің жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестің» кезекті отырысы өтті. Отырысқа «Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Смат Бектемірұлы, «Қалалық білім бөлімінің» қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларды жүзеге асыратын органның бас маманы Есдаулетов Нұрбек, «ForteBank» акционерлік қоғамының Қызылорда қаласындағы филиалының өкілі Сырғабаева Гүлзада қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
-Сәби үйінің тәрбиеленушісін 2022 жылдың 01 қаңтарында Қызылорда қаласындағы отбасы үлгідегі балалар ауылына ауыстыруға «Қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына ұсыну;
-Сәби үйінің тәрбиеленушілерінің денсаулығын сауықтыру, ой өрістерін жетілдіру мақсатында республикалық шипажайларға, оңалту орталықтарына жолдауға көмек көрсету жолдарын қарастыру;
Жоғарыдағы күн тәртібінде көрсетілген мәселелер жан – жақты, толық талқыланып, нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Отырыстан соң, комиссия мүшелері Сәби үйінде 2022 жылы демеушілік арқылы салынған тұзды шахта бөлмесін және 2020 жылы іске қосылған сенсорлық бөлмені, егу, емдік-дене шынықтыру, физиотерапия кабинеттерінің жұмысымен танысты. Үш жыл бұрын мекемеге қондырылған цифрлы бейнебақылау жүйесін, ән-күй, Монтессори, логопед, психолог кабинеттерін, ата-ана мен баланың кездесу бөлмесін, реабилитациялық тобын аралап сәби үйінің тыныс-тіршілігін бағамдады.

БӨЛІСУ