Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Аппараттық мәжілісті бастамас бұрын аудан әкімі кадрлық өзгерістерге тоқталды.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының бұйрығымен Аймбетова Гүлзираш Сыдыққызы Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бұйрығымен Телібаев Ғалымжан Қуанышұлы «Жалағаш ауданының Мансап орталығы» филиалының директоры лауазымына тағайындалды.

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының бұйрығымен Жанашев Ғалым Ерболұлы Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімі жаңа қызметке тағайындалған сала басшыларының жұмысына сәттілік тіледі.

Күн тәртібіне сәйкес аудандағы мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі, жылу беру маусымына дайындық барысы және аудан аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы үш мәселе қаралды.

 Мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі бойынша аудандық мәдениет және спорт бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен, кент және ауылдық округі әкімдерімен бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21- бабына және «Жарнама туралы» Заңының 11-бабына сәйкес заң шеңберінде тиісті мамандардан құралған мониторинг жұмыстарын жүргізу, сала бойынша жүзеге асырылып жатқан үйірмелердің жұмысын жандандыру тапсырылды.

Жылу беру маусымына дайындық барысында меншік түріне қарамастан барлық мекеме басшыларына нысандардың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын аяқтауды және қажетті отын қорымен қамтамасыз етуді ағымдағы жылдың 15-ші қыркүйегіне дейін орындауды тапсырды.

Барлық әлеуметтік нысандардың басшылары 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін тиісті құжаттары мен өтініштерін ағымдағы жылдың 28-ші тамызына дейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолданады.

 Аудан аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз үшін аудандық полиция бөліміне көлік жүргізушілеріне салынған айыппұлдарды 100 пайызға өндіру, көлік құралын басқаруға құқы жоқ кәмілетке толмаған жүргізушілерді болдырмау мақсатында профилақтикалық іс-шараларды ұйымдастыру, кент ішіне ауыр жүк көліктерін кіргізбеу мақсатында нақты жұмыстар жасау қажеттігі айтылды.

Жалағаш кентінің әкіміне Жалағаш кентінде қажетті жерлерге жол белгілерін орнатып, ескірген жол белгілерді қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Қосымша ауылдық елді мекендердегі санитарлық тазалықтың жағдайына тоқталған аудан басшысы барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.

 Күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселелердің орындалуы сала бойынша жауапты орынбасарларға тапсырылып, аудан әкімі тапсырмалардың орындалуын назарда ұстайтынын жеткізді.

БӨЛІСУ