Ауданның 2023 жылға бюджет көлемі 11,6 млрд теңге болып бекітілсе, облыс әкімінің қолдауымен 1,1 млрд теңгеге ұлғайып 12,7 млрд. теңгені құрады.

Анықтама үшін: 1,9 млрд. теңге өз кірістеріміз, қалған 10,8 млрд. теңгенің ішінде субвенция- 5,6 млрд.теңге, трансферттер және кредиттер- 5,2 млрд. теңге.

Өз кірісіміз 1,9 млрд.теңге құраса,алдағы мәслихат сессиясымен 107,1млн.теңгеге ұлғайтылып, жылдық жоспарымызды 2 млрд.теңгеге жеткізуді межелеп отырмыз.

Бүгінгі күнге жыл басынан ауданға 4,0 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,8 пайызға артып отыр.

Анықтама үшін: Оның ішінде: бюджеттік инвестиция бойынша барлығы 200,0 млн.теңге, жеке қаражаттар есебінен барлығы 3792,0 млн.теңге.

Объектілер бөлінісінде таптылған инвестиция:

– Жеке тұрғын үй есебінен 2069,2 млн.теңге,

– «Жаңажол» ЖШС техника алып, құны 553,6 млн.теңге,

Жеке кәсіпкер Н.Тоқсанбаеваның сауда дүкені құны 30,9 млн.теңге,

– Ақтөбе ауылындағы «Оңталап» шаруа қожалығы техника алып, құны 78,4 млн.теңге,

– Аудандағы ірі шаруашылықтардың есебіндегі ауыл шаруашылық техникасына қосымша сатып алған қосалқы бөлшектер есебінен 33,1 млн.теңге;

– «Қармақшы құс» ЖШС – жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасына құрал-жабдықтарсатып алу есебінен 769,5 млн.теңге;

– «Қармақшы құс» ЖШС – жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының қалдықтарын алуға 9,9 млн.теңге;

– Жаңажол ауылынан жеке кәсіпкер Т.Ералиевтің сүт өңдеу цехының ғимараты есебінен 8,0 млн.теңге;

– 200,0 млн.теңге Байқоңыр қаласынан салынып жатқан үйлердің есебінен;

– 20,0 млн.теңге жеке кәсіпкер Қалила Жанардың сауда үйі Төретам кенті;

– 26,0 млн.теңге «АНК Дәулет» ЖШС погрузчик сатып алған;

– 25,0 млн.теңге «МИР-2001» ЖШС техника сатып алған;

– 168,4,0 млн.теңге малдың негізгі табынға ауысқандағы тіркелуінің есебі бойынша.

Жыл басынан өнеркәсіп саласының кәсіпорындарымен 2,6 млрд. теңгеніңөнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,3 пайызға артып отыр.

Ал, осы өнеркәсіп саласының 87,0пайызын құрайтын өңдеу өнеркәсібінде2,0 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,1 есеге артып отыр.

(Анықтама. Өнеркәсіп өнімінің артуы аудандағы ақталған күріштің, өңделген сүт өнімдерінің және бетон бұйымдарының есебінен қалыптасып отыр)

Ауданның экономикалық дамуы көрсеткіштеріне тікелей әсер ететін шағын кәсіпкерліктің дамуы да басты назарда.

Аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 2023 жылдың 1 шілдесіне 4 470 бірлікті құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 13,4 пайызға, оның ішінде жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 4 150 бірлікті құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 17,0 пайызға артты.

Биылғы жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 90 жоба 740,5млн.теңгеге несиелендірілсе, 112 жоба115,0 млн.теңге грант берілді.

Оның ішінде:

1) «2021-2022 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде несие сыйақысының бір бөлігін субсидиялау бойынша 25 жоба 316,0 млн.теңгеге екінші деңгейлі банктерден несиелендірілді;

2) «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 25 жоба 135,0 млн.теңгеге несиелендірілді;

3) «Қызылорда» Өңірлік Инвестициялық Орталығы» арқылы  40 жоба 289,5 млн.теңгеге несиелендірілді;

4) «Ұлттық жоба» шеңберінде 112 жоба 155,0 млн.теңгеге грант берілді.

Жыл соңына дейін, кәсіпкерлік саласындағы жобалар мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру көлемі былтырғы жылдан да жоғары болады деп күтілуде.

Қазіргі таңда, «Ауыл АМАНАТЫ» бағдарламасы шеңберінде несиелендіру үшін барлық елді мекендерден ниет білдірген азаматтардың 1672,1 млрд.теңгені құрайтын 258 жобаның құжаттары дайындалуда.

Бұдан бөлек, 9 ауыл шаруашылығы кооперативін ашып, 212,0 млн. теңгеге қаржыландыру жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан экономикасын әртараптандыруда шикізаттық емес секторды дамыту ішкі нарықты отандық тауарлармен толтырумен қатар импорт алмастыру мәселесі қолға алынуда.

Ол үшін, индустрияландыру бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан ірі жобаның бірі Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасы биылғы жылы іске қосылады деп күтілуде (жобаның жалпы құны 1,9 млрд.теңге).

Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі «АНК-Дәулет» ЖШС газоблоктар өндіретін шағын зауытының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 200,0 млн теңге.

Жобаны жүзеге асыру мақсатындаӨңірлік Инвестициялық орталығы арқылы 60,0 млн теңгеге несиелендірілді.

Бұдан бөлек, аудандағы сауда саласын одан әрі дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан орталығындағы ескі сауда базарының орнына жергілікті кәсіпкердің (Нағима Тоқсанбаева) бастамасымен заманауи үлгідегі сауда орталығының құрылысыбасталды. Жоба құны 150,0 млн теңге.

Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыру үшін Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 50.0 млн. теңге несие қаражаты берілді.

Жосалы кентіндегі ескі қонақ үйді қайта жаңғыртудан өткізу үшін Өңірлік Инвестициялық орталығы арқылы 30,0 млн теңгеге несие беріліп, қазіргі таңда жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

ІІІ-Интернационал ауылдық округінен жеке кәсіпкер Г.Рагибованың (жоба құны 300,0 млн.теңге) мал бордақылау алаңы және сою цехының құрылысын салу жоспарлануда. Жобаны іске асыруға қажетті 2 га жер телімі берілді. Мал бордақылау алаңында бір мерзімде 100 бас жылқы, 100 бас мүйізді ірі қара және 200 бас қой бордақылау жоспарлануда. Сонымен қатар, перспективада ет өңдеу цехын (шұжық цехы) ашу көзделуде.

Ауыл шаруашылығы саласы.

Қармақшы ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы ауылшаруашылығына негізделген.

2023 жылдың 1 шілдесіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2 млрд. 899,5 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,1 пайызды құрады.

2023 жылы жалпы көлемі 26 813 гектар алаңға егіс орналастырылды. Оның ішінде күріш көлемі 13 770 гектар (былтыр 12 773 га).

Биылғы вегетациялық кезеңге бөлінген су лимитіне (520,0 млн м3) және дақылдарды кезектестіру схемасына сәйкес күріш егісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 997 гектарға артық орналастырылып, әртараптандыру дақылдары 2340 гектарға егілді.

Сонымен қатар, биылғы жылы Жаңажол ауылдық округінде «Жаңажол» ЖШС-гі 5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен  алма бағын егіп, шығымы 85,0 пайызды құрап отыр.

Және де аталған шаруашылық жабынды астында (под пленка) егу әдісімен 2 гектар жерге қарбыз дақылын орналастырып, өнімді тамыз айында алу жоспарлануда.

Көктемгі дала жұмыстарының нәтижесімен 3854 гектар жаңа жоңышқа, 1050 гектар жаздық бидай, 1050 гектар мақсары, 50 га құмай, 40 га сүрлем жүгері, 3 гектар күнбағыс дақылы себілді және 5193 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.

Облыс әкімінің «тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін қалыптастыру» туралы тапсырмасы бойынша 392 гектар бақшалық жерлер дайындалып, 881 отбасыға бөлініп берілді.

Егіске су жеткізу жұмыстары бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасарыменбекітілген 5 күндік кезектестіру кестесіне сәйкес, қазіргі таңда 354,84 млн м3 (68,88%)су алынды.

Ал, су бөлу нүктесінен қашық орналасқан және биік танаптардағы егістіктерге су жеткізу үшін ауданға қарасты ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 24 дана насос қондырғыларын пайдалануда.

Анықтама үшін: «Тұрмағамбет» ЖШС – 4 дана, «Әділет Жер» ЖШС – 1 дана, «Ораз ахун ЛТД» ЖШС – 1 дана, «Шакизада» ШҚ – 1 дана, «Ақтөбе и К» ЖШС – 8 дана, «Достық Жер МК» ЖШС – 2 дана, «Жаңажол» ЖШС – 3 дана, «Әлиасқар Ата» ШҚ – 2 дана, «Дәуіт» ШҚ – 2 дана.

Мал шаруашылығында өсім байқалады. Атап айтқанда, төрт түлік бойынша өсім орташа 6,0 пайызды құрайды.

Мүйізді ірі қара басы 5,6 пайызға (36678 бас), қой басы 6,6 пайызға (42095 бас), ешкі басы 2,5 пайызға (26252 бас), жылқы басы 11,1 пайызға (16032 бас), түйе басы 9,0 пайызға (4357 бас), құстар 5,8 пайызға (21335 бас) өсті.

Құрылыс саласына келетін болсақ, соңғы жылдары Қармақшы ауданында құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

2023 жылдың 1 шілдесіне құрылыс жұмыстарының көлемі 1590,0 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,3 пайызға артты.

Құны 3,7 млрд. теңге болатын Байқоңыр қаласындағы көпқабатты 5 тұрғын үй құрылысы және аумағын абаттандыру, инженерлік жүйелер құрылысы жүргізілуде (2023 жылға бөлінгені тұрғын үйге 684,7 млн.тг., абаттандыру 168,5 млн.тг., ИКИ 33,7 млн. тг).

Сонымен қатар, құны 12,0 млрд. теңге болатын Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау жүйелерін қайта жабдықтау құрылысы жоспарланып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде (2023 жылға бөлінгені 1,0 млрд теңге);

Ауданымыздың елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Т.Көмекбаев, Қармақшы, Алдашбай Ахун ауылдарында су қабылдайтын құрылғыны қайта құру» құны 696,7 млн.теңге болатын жобалары іске асырылуда. Қазіргі уақытта Т.Көмекбаев, Алдашбай Ахун ауылдарындақұрылыс нысандары аяқталып, пайдалануға берілді. Қармақшыауылындағы нысан тамыз айында пайдалануға беріледі.

БӨЛІСУ