Облыс әкімімен бекітілген «2023 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасына» сәйкес 2023 жылы 43898 жұмыс орындарын құру жоспарланған.
Бүгінгі күнге 24385 жұмыс орындары құрылды.
Ұлттық жоба аясында -1187 орын;
субсидияланатын жұмыс орындарына – 12557 орын;
жеке бастамаларда – 5085 орын;
жастарға 2,5% несиелендіру – 254,
жаңа бизнес идеяларға гранттар – 722;
бос жұмыс орындарына – 4580;
Жалпы Қазақстанда 14,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді.
2023 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 762 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 204 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 895 адам (13%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 346 адам (9%), өңдеу өнеркәсібі – 1 128 адам (7%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 850 адам (6% ).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 729 адам (25%), Өзбекстан – 1 967 адам (13%), Үндістан – 1 461 адам (10%), Түркия – 1 454 адам (10%).
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.