Құрылысқа арналған өнім өндірісінде отандық үлес 67%-ға ұлғайды.
Құрылыс материалдары экспортының көлемі 44%-ға артып, 100,1 млн долларға жетті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Құрылысқа арналған өнім өндірісінің артуы отқа төзімді бұйымдар (+6,4%-дан 112 мың тоннаға дейін), керамикалық (отқа төзімсіз) кірпіштер (+37,6%-дан 816 мың текше метрге дейін), силикат және қож кірпіштері (+3,8%-дан 454 мың тоннаға дейін), құрылыс ерітінділері (+8,7%-дан 718%-ға дейін) сынды тауарлар ментабақ шыны (7,1 млрд теңге), цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған плиткалар, кірпіштер және ұқсас бұйымдардың (+6,5%-дан 2,2 млн тоннаға дейін) өсіміне байланысты тіркелді.
Сондай-ақ өндіріс қарқынына құрылыс жұмыстарының ұлғаюы әсер етті. Қаңтар-мамыр айларында оның көрсеткіші 12,1%-ға асты. Бұл бірінші кезекте ғимараттар (+17,9%) мен құрылыс нысандарын (+14,7%) салу мен жөндеуге байланысты. Құрылыс-монтаж жұмыстарының ақшалай көлемдегі мәні 1 312,9 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 15,4%-ға өсті (5 470,3 мың шаршы метр).
Отандық тауар өндірушілердің серпінді жұмысы құрылыс материалдары саласындағы жалпы өндіріс көлемінің 16%-ға өсуіне әсер етіп, қаражат мөлшері 451,5 млрд теңгеге жетті. Сонымен бірге қазақстандық үлестің айтарлықтай нығаюы экспорт көлемінің 44%-ға артуына жағымды әсер етті.
Мәселен, Өзбекстанға (6 108,5 тоннаға дейін) және Тәжікстанға (2 396,7 тоннаға дейін) табақ шыны (8,5 мың тоннаға дейін), құбырлар, түтіктер мен құбыршектер (шланг), сондай-ақ отқа төзімді цементтер, құрылыс ерітінділері (13 тоннаға дейін мың тонна) тасымалданған.