Бүгін аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов кеше ғана өткен “Qazaqstan дауысы.Балалар” мегажобасының финалисті, жас талант, жерлесіміз Нұрислам Тлеуханды қабылдап, сый құрмет көрсетті.

“Аталған балалар конкурсы басталған күннен соңғы финалына дейін мен өз отбасыммен Нұрисламға жанкүйер болдық. Алғашқы күннен бастап аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Әбілқайыр Әбілпаттаұлынан Нұрислам жайлы көп мәлімет алдым. 3 жасынан гитарада ойнап, 5 жасынан бастап гитарамен өлең айта бастаған Нұрислам бұған дейін де бірнеше өнер сайыстарында топ жарып, жүлделі орындарды еншілеп келіпті. Әрбір қатысқан байқаулардан жүлдесіз қайтпаған жас әнші осы мегажобаға дейін “ART – BAITEREK” республикалық өнер байқауының Бас жүлдегері атанды.
Ия, аптаның алғашқы күнінде көрермендердің көзайымына айналған жас талант Нұрисламмен танысып, өнер жолына сәттілік тілеп, аудан халқының ыстық ықыласын жеткіздім” – деп ыстық ықыласын жеткізді аудан басшысы.

Жас талант иесін қабылдаған аудан әкімі Нұрисламның өнер жолына сәттілік тілеп, сый-сияпатын табыстады.

БӨЛІСУ