Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Департамент бастығы полковник Руслан Қайрақбаевтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жедел кеңеске департаменттің мекеме, бөлім басшылары қатысты, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастықтары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Жедел кеңесте “2023 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстар мен алға қойылған басым міндеттері” айтылды.
Аталмыш тақырыпта Департамент бастығының орынбасары подполковник Б. Әбдіқадыров, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Оразбеков, ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің” бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Исанов баяндама жасады. Сонымен бірге “Азаматтық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі” тақырыбында Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Қ. Шарафадинов баяндама оқыды.
Жедел кеңесті Департамент бастығы полковник Р. Қайрақбаев қорытындылады.

БӨЛІСУ