Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов аудан кәсіпкерлерімен кездесті.
Кәсіпкерлермен өткен іс-шарада әрбір қатысушы өзінің қажеттілігі жайында баяндап, алаңдатқан сауалына жауап алды.
Аудан кәсіпкерлері атқарып жатқан салаларында туындайтын, дамуына кедергі келтіретін көптеген проблемаларды қозғады. Аудан әкімдігі, кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тарапынан айтылған проблемалардың шешімін табуға ықпал етуге уәде беріліп, барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.
Кездесудің басты мақсаты – осы салада қордаланған өзекті мәселелерді ортақтасып шешу, кәсіпкерлік саласында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар және ауданның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру болып табылады.
Кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке бизнестің жілігін шағып, жемісін көргісі келгенге таза ниет болса болғаны. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде.
Аудан әкімінің орынбасары кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде өндіріс пен қызмет көрсету саласының дамуы басты мәселе екенін атап өтіп, ауданның көркеюі мен әл-ауқатының жақсаруы үшін кәсіпкерлерді біріге жұмыс істеуге шақырды.